Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да тегін үйірмелер тоқтатылмайды

Шығыс Қазақстан облысындағы тегін спорт үйірмелері қайта басталуы мүмкін

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да тегін үйірмелер тоқтатылмайды

Естеріңізге сала кетсек, біз мемлекеттік реформа аясында облысымызда ашылған тегін спорт үйірмелері тоқтатылып, 9231 бала ақылы түрге ауысып немесе мүлдем үйірмелерге қатыспай қалуы мүмкін деп жазған едік, деп хабарлайды Устинка Live тілшісі.

Облыстық бюджет есебінен жылдың басында тегін спорт үйірмелеріне 300,0 млн теңге бөлінді. Оның 268,0 млн теңгесі қаңтар-ақпан айларында игерілді. Сондықтан наурыз айында кейбір үйірмелер жартылай ғана қаржыландырылды. 

 Тоқтап қалған үйірмелер ата-аналар үшін ғана емес, мемлекет есебінен бөлінген қаражатқа тегін қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлер үшін де оңай болған жоқ. 

 Ата-аналар мен кәсіпкерлер (Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары, Шымкент қаласы) облыстық әкімдіктерге барып, талай есіктерді қағып, өңір әкімдерінен көмек сұрады. Облыстағы ата-аналар Президентке хат жазып, петицияға қол қойып көмек сұраған.

Мемлекеттік тапсырыс аясында ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесіне шығармашылық үйірмелер мен спорт секциялары бойынша қызметтерді жеткізушілер тарапынан шағымдар түсе бастады. 

Жуықта ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева енді кәсіпкерлер мемлекеттік тапсырыс аясында тегін үйірмелер мен секциялармен жұмысты күнтізбелік жылдың соңына дейін жалғастыратынын атап өтті. 

 Осы мәселені шешу үшін ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы министрліктен де қаражат сұрады. Дегенмен мәселені облыстық деңгейде де шешу мүмкін болып шықты.

 Сәуір айының соңында облыстық мәслихаттың отырысы өтеді. Сол отырыста тегін спорт үйірмелеріне жылдың соңына дейін қаражат бөлу мәселесі қарастырылады. Сондықтан сәуір-мамыр айларынан бастап спорттық үйірмелер қайта тегін болады деп жоспарлап отырмыз, - деді ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы Азамат Қалиев. 

Өңірдегі кейбір кәсіпкерлер тегін үйірмелердің қайта жанданатынынан хабардар болса, кейбір кәсіпкерлерге ондай ақпарат әлі айтылмаған екен. 

Айта кету керек, барлық өңірлерде спорт басқармасының бағыты бойынша 2022 жылға 210 миллиард 233 миллион теңге жоспарланған. Оның ішінде балалар спорт секцияларына тек 14 миллиард 854 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл бюджеттің тек 7,1%-ын құрайды. Ал Шығыс Қазақстан облысында бағдарламаның іске асырылуын жалғастыру үшін жыл аяғына дейін қосымша 2 107,7 млн теңге сомасында қаражат қажет.

Следующая →