Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Ақерке Мұқтанова
Ақпарат көзі:
Tengrinews.kz

Қазақстандық сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды

Сарбаздың денесінде зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ

Происшествия в Казахстане и мире / Тело казахстанского солдата обнаружили в Кыргызстане
Фото:
Устинка LIVE

Екінші наурызда жоғалып кеткен қатардағы жауынгер Ұлықбек Бердішовтің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, 10 сәуірде шекара қызметінің қызметкерлері сарбазды іздеу барысында оның мәйітін тапты.

ҰҚК қатардағы жауынгер жоғалған сәттен бастап Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарының аумағында іздеу шаралары жүргізілгенін айтты. Іздеуге сарбаздың туыстары да қатысқан.

Соның барысында сарбаздың мемлекеттік шекараны кесіп өткен-өтпегенін тексеру үшін Қырғызстанның шекара ведомствосына хабар берілді.

9 сәуірде Қырғыз Республикасының шекарашылары шекара сызығынан 2 шақырым жерде қалған әскери киім элементтері табылғанын хабарлады. 10 сәуірде шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен табылған заттардың орнын тексеру үшін шекара өкілдігімен кездесу ұйымдастырылып, соның барысында Бердішовтың мәйіті табылды, - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Осы факт бойынша Қырғыз Республикасы Шу облысы Панфилов ауданының АІІБ тергеу іс-шараларын бастады.

Алдын ала диагноз – механикалық асфиксия. Сарбаздың денесінде зорлық-зомбылық әрекет белгілері жоқ.

11 сәуірде шекара қызметі мәйітті ата-аналарының тұрғылықты жері бойынша Қызылорда облысына жеткізуді ұйымдастырды.

Айта кетері, Ұлықбек Бердішов "Андас батыр" шекара бөлімшесінде мерзімді қызмет өткеріп жүрген.

Следующая →