ШҚО-да КВИ-ге қарсы вакцина-профилактикалық шаралар қарқынды жүргізілуде
Бүгінгі күні облыста КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың бірінші және екінші компонентін қабылдағандар көрсеткіші 100%-ға жетті
2022 жылғы 11 сәуірдегі жағдай бойынша «Комирнати» вакцинациясының 1-компонентін 2 791 жүкті әйел, 9 461 бала емізетін әйел, 94 955 жасөспірім алған. 2-компонентпен 2 597 жүкті әйел, 8 764 бала емізетін әйел, 92 887 жасөспірім егілген. Сондай-ақ, өзге санаттағылар қатарынан аталмыш вакцинаның 1-компонетін 316, 2-компонентін 54 адам алған.
Жалпы, 107 523 адам «Комирнати» вакцинасының 1-компонентін, 104 302 адам 2-компонентін алды, - деп мәлімдеді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің баспасөз қызметі. - Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген.
2022 жылғы 11 сәуірдегі соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 566 598 адам коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. QazVac, VeroCell, Спутник Лайт вакциналарымен ревакцинация жүргізу коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеттің толықтай қалыптасуына әсер етеді.
ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, соның салдарынан біз бәріміз қалыпты бұрынғы өмірге орала аламыз. Вакцинацияның мақсаты – КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету.