Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен іргесіндегі Шығыс ауылындағы мектеп неге жабық?

Салынғанына он жылдан енді ғана асқан қаланың іргесіндегі Шығыс ауылындағы мектептің қабырғалары жарылып, құрылысы сыр берді. Қазіргі уақытта мектеп жабылып, толығымен жұмысын тоқтатыпты

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен іргесіндегі Шығыс ауылындағы мектеп неге жабық?

Білім ордасында оқып жатқан оқушылардың бір легі Ахмердегі жаңа мектепке ауыстырылса, бір легі Ново-Явленка ауылында білім алуда. Кейбірі үйлерінде онлайн оқып жатыр.

ШҚО Білім басқармасы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Өскемен қаласы маңындағы Шығыс ауылында орналасқан Абай атындағы №33 орта мектептің қабырғасы жарылып, құрылысы сыр берді. "Нұрлы көш" бағдарламасы аясында салынған бұл ауылда бүгінгі күні 300-ден астам отбасы тұрады. 600 орынға арналған білім ордасы 2011 жылы толыққанды салынып бітіп 1 қыркүйекте ел игілігіне берілген.

Он жылдан кейін пайда болған жарықшақтарға тәуелсіз сарапшылар жіті тексеру жүргізіп, су құбырының жарылуынан мектептің асхана, дәлізіндегі едендері отырып және қабырғалары жарылды деген баға берген.

Қыста су құбыры жарылған

Мәселенің мән-жайын білу үшін Өскеменге тиіп тұрған Шығыс ауылына бардық. Ал басшылықпен тілдесу үшін ішке кіргенімізде көргеніміз: мектеп асханасының қабырғалары қақырап, опырылып тұр.


imgonline-com-ua-Resize-xQ8nfZ5MIkE.jpg

Желтоқсан айында су құбырлары жарылған. Сол кезде төтенше қызмет өкілдерін шақырдық. Кейінірек инженерлер де келіп тексерді. Құбырлар дәліздердің және асхана еденінің астымен тартылған екен. Мамандар күрделі жөндеу жүргізу керек деген шешім шығарған. Сол себепті біз оқушылардың қауіпсіздігін ойлап, аралас форматта оқуды жөн көрдік. Қазір облыстық білім басқармасымен, қалалық білім бөлімімен үнемі байланыстамыз. Жөндеуге қатысты сметалық құжаттары әзірленіп, жөндеу жүргізу үшін порталға арнайы өтінім берілді. Ол өтінім порталда 2 айдай қаралады екен. Мектепті жөндеудегі алғашқы мәселе осы болып тұр. Бұл мәселе шешілгеннен кейін барып жөндеу жұмыстары бас-талады. Осы секілді қауырт жұмыстар легі күтіп тұр, - дейді мектеп директоры Есімхан Акитбаев.

Аталған проблемадан облыстық білім басқармасындағылар да хабардар. Басқарма басшысы мектеп биыл жөнделеді деп сендірді.

Мезгіл өзгерген сайын адам қолымен салынған дүниенің тозығы жетіп, келбеті келісіңкіремей қалатыны қалыпты құбылыс. Десе де жаңа мекеме болған соң мұндай жағдайдың орын алағаны өкінішті, әрине. Осы жағдай бойынша тиісті мамандарға тапсырма беріп, жаңа білім ордасының құрылысына қажетті шараларды қабылдауды тапсырдық. Ағымдағы жылдың сәуір айында конкурстық жұмыстар мемлекеттік сатып алу ережелеріне сәйкес жүргізіліп, күрделі жөндеудің сметалық құны анықталған соң жөндеу жұмыстары басталады. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін оқушылар мектеп қабырғасына оралатын болады, - дейді Білім басқарамасының мемлекеттік мекеменің қорғаншылық, қамқоршылық және интернат ұйымдары бөлімінің басшысы Динара Шаухина.

Оқушылар әлі онлайнда

Білім ордасы осы жағдайға байланысты 17-ші ақпаннан бастап жабылып қалған. Содан бері 4, 9, 11-ші сынып оқушылары Ахмер орта мектебіне көшірілсе, бастауыш сынып оқушылары көршілес Ново-Явленка ауылында екінші ауысымен білім алып жатыр. Кейбір сыныптың оқушылары, тіпті, әлі күнге дейін үйлерінде онлайн форматта оқуға мәжбүр. Айта кеткен жөн, балалар мен мұғалімдерді мектептерге апарып-алып келетін екі автобус бар. Мұғалімдер екі мектепке бөлініп, жұмыстарын жалғастыруда.

Үйде оқып жатқан оқушылардың ата-аналары болса, балаларының карантиндік режим бітсе де әлі күнге дейін үйлерінде білім алып жатқандарына қынжылуда. Себебі баланы үйде оқытудың өзі оңай жұмыс емес. Оның үстіне ауылда интернет жұмысы да нашар көрінеді.

Балаларым қазір онлайн оқып жатыр. Індетке байланысты қашықтан оқыған кезде балалардың білімі онсыз да төмендеді. Өйткені ауылда интернет нашар. Оның үстіне бір үйде сабақ оқитын бес-алты бала бар. Олардың жағдайын жасап, интернет тауып беру қалтаға да салмақ салады, - дейді ата-аналардың бірі Айнұр Нұрмұхамбетова.

Бір жақ іргесі сөгіліп тұрған мектепте жалпы 824-ке жуық оқушы бар. Қазіргі таңда мектеп бітіруші 9, 11-сынып оқушыларының саны - 77.

Бүгінде қашықтан оқыту мәселесіне әсіресе орта сынып оқушыларының ата-аналары барынша қарсылық білдіруде. "Үйде білім алу оқу үлгерімін төмендетеді" деген ата-аналар мектепті тез арада қалпына келтіріп, білім ошағының ашылуын талап етуде.

Мәселе - беттегі фотолар автордікі (14).jpg

Қашықтықтан оқу сауатсыздыққа алып келеді. Онсыз да балаларымыз елімізде орын алған жағдайға байланысты екі жылдай онлайн форматта оқыды. Бала тұрмақ ата-анаға қиын. Әрбір үйде бір емес, бірнеше баладан бар. Үш-төрт баласы бар ата-аналарға жаңа форматтағы берілген тапсырмалар тіптен қиын. Менің төрт балам бар. Оның үшеуі мектеп оқушысы. Үлкенім ғана қазір №49 мектепте білім алуда, қалған екеуі үйден оқуда, - дейді ата-аналардың бірі Мира Сәкен.

Мектеп апаттық деп танылмаған

Қазіргі уақытта мектеп ғимаратының құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексерістер жүргізілген. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша ғимараттың қауіпсіз және ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірінші қабаттың еденін жаңа материалды қосу арқылы қолданыстағы негізгі топырақты нығыздау және еденді торлы арматурамен қайта жабу керек екен. Сондай-ақ, сумен жабдықтау желілерін де ауыстыру қажет. Жоғарыда аталған кемшіліктерді ескере отырып және арнайы әзірленген жоба бойынша, мектептің жағдайын арнайы зерттеген сараптамалық топтың қортындысы бойынша мектеп апаттық жағдайда деп танылмаған. Тек қабырғаларының сетінеген жерлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылған.

Мәселе - беттегі фотолар автордікі (19).jpg Мәселе - беттегі фотолар автордікі (13).jpg

Жалпы Шығыс Қазақстан облысының аумағында 647 мектеп бар. Оның ішінде: 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп. Ал олардың қаншасы апаттық жағдайда?

Өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігінде аталған мәселені шешу бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтқанда, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңаларының құрылысы басталады, - деген еді жыл басында Шығыс Қазақстан облысы Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутова.


Мәселе - беттегі фотолар автордікі (5).jpg Мәселе - беттегі фотолар автордікі (9).jpg

Негізі №33 білім ордасының базалық жабдықталуы көңілге қонымды. Екі бірдей спорт залы, "Жұлдыз" өнер мектебі ашылған, физика, математика, химия пәндеріне арналған арнайы сыныптары бар. Абай сыныбы, Абай бұрышы жасақталған мектептің жобасы шынымен-ақ тамаша. Кіргеннен көңілге сенім ұялататын, оқушының білімге деген құштарлығын ашатын білім ордасының қабырғасының қақырап тұрғаны ғана болмаса, жалпы жағдай жаман емес.

Ақын, педагог Мағжан Жұмабаев "Алты Алаштың баласы бас қосса, төр - мұғалімдікі" деген екен. Сол төрге шығарған ұстаздарымыздың еңбек етіп жүрген мектебі қандай? Білім ордаларын заман талабына сай жабдықтау, кәсіби шеберлігі мықты мамандармен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік тәжірибені үйрену алға қойған ең маңызды іс. Сол іске жауапкершілікпен қарау үшін ең алдымен мұғалімдерге жағдай жасалғаны дұрыс. Сондай-ақ, ертеңгі бәсекеге қабілетті тұлға - бүгінгі партада отырған оқушылар. Олар - еліміздің ертеңі, дамыған елдермен иық тіресіп, тереземізді тең ұстап, әлемдік бәсекеде үкілі үмітімізді ақтайтын ұрпақ. Сол ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мектептерде барлық жағдай жасалуы тиіс.


Следующая →