Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Ақерке Мұқтанова
Ақпарат көзі:
Tengrinews.kz.

"Сергек" қандай құқық бұзушылықтарды тіркейді және айыппұлдарға қалай шағымдануға болады?

Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы жанындағы әкімшілік тәжірибе бөлімінде "Сергек" камералары қандай құқық бұзушылықтарды көретіндерін айтты

Происшествия в Казахстане и мире / Какие нарушения видит "Сергек" и как обжаловать штрафы, рассказали в ДП Алматы
Фото:
ТОО

Бірінші кезекте "Сергектер" көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ) бойынша таниды, кейіннен ҚР ЖҚЕ келесі бұзушылықтарын тіркейді:

● жылдамдық режимін бұзу;
● "қызылға" өту;
● жол белгілерінің немесе жол таңбаларының талаптарын сақтамау;
● көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу.

ҚР ӘҚБтК-ның 62-бабына сәйкес, тәртіп бұзушыға айыппұлды төлеу қажеттігі туралы хабарлау және өңдеу әкімшілік құқық бұзушылық жасалған сәттен бастап екі ай ішінде жүргізіледі. Егер хабарлама кеш келсе, жүргізуші ескерту мерзімінің өтуіне байланысты жауапкершіліктен (сондай-ақ айыппұлдан) босатылады.

Айыппұлды үйден шықпай-ақ үш тәсілмен төлеуге болады:

1. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақпараттық сервис сайтында qamqor.gov.kz;
2. Қазақстан Республикасының egov "электрондық үкімет" порталы арқылы;
3. kaspi.kz қосымшасындағы ақпарат пен айыппұлдарды онлайн төлеу бөлімі.

Айта кетейік, БМЖТ деректер базасымен (әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі) интеграциялаудан өткен екінші деңгейдегі банктер төлемдерді онлайн-форматта қабылдайды.

Камералардан айыппұлдарға ( "Сергек", ААЖ және т. б.) және патрульге берілген айыппұлдарға шағымданудың қандай тәсілдері бар?

Әкімшілік құқық бұзушылықпен келіспеген жағдайда көлік құралының меншік иесі (иеленушісі) ӘҚБтК-ның 43-1, 44, 44-1, 47-баптарының тәртібімен шағымдануға құқылы.

Егер жүргізушілер бұйрықпен келіспесе, әкімшілік тәжірибе бөліміне жүгінуге болады.

Әрбір жүргізуші төленбеген айыппұлдары бар-жоғын біле алады:

● Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервис сайтында qamqor.gov.kz;
● Қазақстан Республикасының egov "электрондық үкімет" порталы арқылы;
● kaspi.kz қосымшасындағы ақпарат пен айыппұлдарды онлайн төлеу бөлімі.



Следующая →