ШҚО тұрғыны жарты жыл өткен соң жылқының жоғалғаны туралы хабарлады
Күршім ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері құны 500 мың теңге болатын мал ұрлығын тергеумен айналысты
Қаңтар айының соңында Күршім аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 49 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді, ер адам жылқы ұрланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың шілдесінде жылқыны "Алтай"жайылымынан алып кеткен. Ер адам шығынды 500 000 теңгеге бағалады.
Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қайыңды ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Бүгінгі күні қаскүнем келу міндеттемесінде тұр.
Ұсталған адамға ҚР ҚК 188-2-бабының бірінші бөлігі "мал ұрлығы" бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, ол бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.