ШҚО-да 8 жасар қыз бала мектептен кейін жоғалып кеткен
Қызын жоғалтқан ана Өскемен қалалық полиция басқармасының Ертіс полиция бөлімшесінің қызметкерлерен көмек сұраған
Кеше облыс орталығының Ертіс полиция басқармасының кезекші бөліміне 35 жастағы Өскемен тұрғыны хабарласып, қызының жоғалып кеткенін айтқан. Сегіз жасар қыз таңертең мектепке барған, бірақ сабақ аяқталған соң үйіне оралмаған, деп хабарлайды тәртіп сақшылары.
- Өскемен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, қызды бір сағаттың ішінде тапты. Бүлдіршін дереу үйіне, анасына жеткізілді. Қуанышқа орай, оның өміріне, денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген, - деді Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы, полковник Андрей Мула.