Семейде тілсіз жау 57 адамның өмірін қия жаздады
Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде өртенген кабель қатты түтіндей бастады, оқиға түнде болғандықтан тұрғындардың көпшілігі өлім қаупін сезбей де қалды
Семейдің өрт сөндірушілері қою түтіннің арасынан 57 адамды құтқарды, оның ішінде балалардың саны 10, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бүгін түнде қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде төртінші мен тоғызыншы қабаттар арасында электр панелінің бөлмесінде кабель өртеніп, дәлізге қою түтін жайылды.
Ештеңеден бейхабар тұрғындар шырт ұйқыда жатқандықтан, өрт сөндірушілер барлық пәтерлерді аралап, қауіпті түтінге тұншыққандардың барлығын оянып, таза ауаға шығарды. Үйдің жоғарғы қабаттарынан 17 адам құтқарылды, оның жетеуі балалар. Тағы 40 адам төменгі қабаттардан эвакуацияланды, оның ішінде үшеуі бала. Барлығы «Вахта» жылы көлігіне отырғызылды, - дейді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары.
Түнгі сағат екіге қарай өрт сөндірілді, одан кейін барлық тұрғындар үйлеріне кірді.
Өрттің себебі – қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарау және электр жабдықтарын апатты жағдайда пайдалану, - деп қосты өрт сөндіру қызметі. - Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам мен 6 техника жұмылдырылды.
Еске сала кетейік, төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу 101 және 112 жедел жәрдем телефондарына хабарласу керек.