Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Polisia.kz

Елорданың зоосалондарының бірінде 10 келі есірткі шөбі табылды

Қылмыскерлер гашиш сақтағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін және табылған заттары тәркіленеді

Новости Казахстана / В зоосалоне Нур-Султана обнаружили более 10 кг растительных наркотиков
Фото:
МВД РК

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қарасора өсірушілер тобының сатуға дайындаған есірткі заттарын тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Қылмыстық топты ұйымдастырушының әйеліне тиесілі зоологиялық салоннан салмағы 11,5 келі есірткі партиясы табылды. Иісшіл қызметтік иттерді жаңылдыру үшін гашиш салынған қаптарды жануарларға арналған азықтың арасына тығып қойған. Қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы есірткіні Қазақстанның оңтүстік өңірінен әкелген. Оны сақтап, буып-түйіп, басқа қылмыстық топ мүшелеріне тапсырып отырған. Ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, гашиштің аса ірі салмағы 200 грамм болса, жазаның айтарлықтай ауыр түрі қолданылады. Ал енді есірткі құралдарының 10 келіден көп табылуы және аса ірі көлемдегі заңсыз айналымы үшін он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Следующая →