Өскемен
ясно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    -4°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Актау
    +2°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -13°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +1°
$
530.24
+1.72
543.97
+4.83
¥
72.33
+0.25
5.16
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО полицейлері бір апта ішінде 40 көлікті айыппұл тұрағына қойды

Өңірде "Айыппұл төле" жедел алдын алу іс-шарасы аяқталды, құқық қорғау органдары қорытынды шығарды

1-7 қыркүйек аралығында өткен жедел алдын алу іс-шарасы барысында Әкімшілік полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерімен және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуға бағытталған жұмыстарды атқарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

- Жеті күн ішінде мемлекет бюджетіне 10 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп, әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды орындамағаны үшін мамандандырылған тұраққа 40 автокөлік қамалды, - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Сонымен қатар, 2000-нан астам азаматқа әкімшілік айыппұлдар бойынша берешектері туралы хабарланды. 

Осылайша, 7 қыркүйекте Өскеменде тәртіп сақшылары 28 жастағы қала тұрғынының басқаруымен Subaru маркалы көлігін тоқтатты. Ер адамда "Сергек"кешенімен жазылған 19 төленбеген айыппұлы болды. Айыппұлдардың жалпы сомасы - 320 870 теңге.

- Барлық құқұқ бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы "белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру"бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкерлердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, - деді ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ернар Базаров.
Следующая →