Оқу жылының басынан бері ҚР-да 200-ден астам сынып карантинге жабылды
Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова covid-19 426 оқушыда анықталғанын хабарлады
Қазақстанда жаңа оқу жылының басынан бері 426 оқушыда коронавирус инфекциясы анықталды.
Оның айтуынша, барлық байланыста болған 3 мыңнан астам оқушыны ПТР-тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша коронавирус тек үш оқушыда расталды. Жалпы, оның мәліметінше, оқу жылының басынан бастап 241 сынып карантинге жабылды, ал мектеп оқушылары онлайн оқытуға көшті.
Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталды. Бұған дейін, 2020 жылдың наурыз айынан бастап еліміздегі мектептер мен жоғары оқу орындарының көпшілігі онлайн сабақ берген.
Следующая →
- Оқу жылының басынан бастап оқушылар арасында коронавируспен сырқаттанғандардың 426 жағдайы тіркелді. Әрбір жағдай бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, бұл балалар демалыс кезінде ауырып, коронавируспен ауыратын адамдармен байланыста болғаны анықталды, - деді Зәуре Ахметова.