Өскемен вокзалы ғимаратының төбесі жарылып, адамдар эвакуацияланды
ШҚО төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызыметі хабарлағандай, оқиға орнына келген ғимарат иесі тез арада адамдарды эвакуациялаған. Сол себепті төтенше жағдай қызыметкерлерінің көмегі қажет болмады
Мыза көшесінде орналасқан автобекет архитектуралық ескерткіш болып саналады. Ғимарат 1936 жылы салынған. Дегенмен оның жөндеу жұмыстары туралы әкімдікке хабарласып білгенімізде, әкімдік автобекет жекеменшіктің қолында болғандықтан жөндеу жұмыстары туралы жеке кәсіпкерден сұрау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Устинка тілшісі.
Автобекет ғимаратынан кассалардың уақытша басқа жаққа көшірілгені белгілі. Бірақ қалалық әкімдік кассалардың қайда көшірілгенін нақтыламады. Сайтта көрсетілген автобекет телефондарына қоңырау шалу мүмкін емес. Осылайша жағдай әзірге түсініксіз болып тұр. ШҚО Мәдениет басқармасының "Мәдени мұра" бөлімінің басшылығы да оқиға орынына барғандығын хабарлады. Бірақ жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттың бюджеттен тез бөлінбейтіндігін де ескертті. Ол туралы кейінірек белгілі болады. Қалай болғанда да сәулет ескерткішін қалпына келтіру жеке тұлғаға ғана жүктелмейтіні белгілі.
Следующая →