Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да үш атпада 700 гектар жер жанып кетті

Өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін 175 адам әкімпшілік жауапкершілікке тартылды

12 сәуірде облыста өрт туындауының қауіпті кезеңі басталды. Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында 682 гектар алқапта 31 құрғақ шөп өртеіп кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шөптер мен орманды дала өрттерінің алдын алу мақсатында тұрғындармен үнемі рейд жүргізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Сондай-ақ, патрульдеу және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушыларды анықтау үшін мобильді топтар құрылды.
- Әдетте, өрт адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, отқа немқұрайлы қараудан пайда болады. Естеріңізге сала кетейік, шөп өртеп және от жаққаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Сонымен, Департаменттің мәліметі бойынша, ҚР Әкімшілік кодексінің 336-бабына сәйкес "Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды сақтау және өртеу кезінде атмосфералық ауаны қорғамай, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаны үшін ескерту немесе жеке тұлғаларға 3, лауазымды адамдарға - 20, шағын бизнес немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады". Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабына сәйкес, абайсызда жасалған, басқа адамның мүлкін абайсызда бүлдіріп немесе үлкен зиян келтіргенде, 100 АЕК-ке дейінгі айыппұлмен немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен жазаланады.
- Мобильді топтар жүргізген рейдтік жұмыстардың нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының 175 тұрғыны өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Следующая →