Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыста бір жылда некелескендердің саны бірнеше мыңға азайған

Сарапшы мамандар неке рәсімінің азаюы демографиялық толқынның төмендеуіне байланысты деп отыр

ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында Шығыс Қазақстандағы неке одақтары туралы қызықты ресми ақпараттар жарияланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мамандардың зерттеуіне сәйкес, соңғы бес жылда облыста неке санының азаюы байқалған. Олардың саны 2015 жылы 11,2 мың болса, былтырғы жылы 8,6 мыңға дейін төмендеген. Сарапшылар келтірген болжамға сүйенсек, қоғамдағы жаңа отбасылар санының азаюына демографиялық толқынның төмендеуі себеп болды.
- Егер бес жыл бұрын некелескен қазақтардың үлесі 62%, орыстар - 34%, немістер - 1,6% болса, 2020 жылы тиісінше қазақтар - 66%, орыстар - 30% және немістер - 1,4%, - деп хабарлайды статистика бюросының сайты. - Бұл келтірілген деректер облыстың ұлттық құрамын қайта құруға байланысты. Сондай-ақ, 2020 жылы шаңырақ көтерген ерлердің орташа жасы 28-де, әйелдер 25 жаста болатыны анықталды.
Сонымен қатар, мамандардың айтуы бойынша, кейінгі бір жыл ішінде Шығыс Қазақстан облысында әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы 1054 неке тіркелген. Аймақта тұратын негізгі ұлттардың ішінде қазақтар басқа ұлт өкілімен некелесуге ықтималдығы ең аз ұлт - 5%. Орыстар арасында 16%, татарлар арасында - 85%, немістер арасында - 92% құрайды.

Бір жұп бір рет қана ажыраса алады. Статистикаға сәйкес, көбінесе 5 - 9 және 20 жылдан кейін неке бұзылады. ШҚО-да 2020 жылы неке одағының орташа ұзақтығы тоғыз жылды қамтыды.
Следующая →