Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұлан ауданында саяжай жолына қиыршық тас төселді

Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов кенті "Шапағат" саяжайына кіреберіс жолға қиыршық тас төселді

Кент әкімі жергілікті тұрғындармен кездесу барысында саяжайды жарықтандыру мен ауыз су, жол мәселелерін шешу үшін арнайы кооператив құру керектігін алға тартты. Дегенмен, тұрғындардың өтінішін ескерген әкім жолға қиыршық тас төсеп, жұртшылықтың жүріп-тұруына жайлылық туғызуда.
- Өткен жылы Қасым Қайсенов кенті әкіміне тұрғындар атынан "Шапағат" саяжайындағы "Қараөзек" өзеніне көпір қажеттігін айтып, өтініш білдірген болатынбыз. Нәтижесінде көктем мезгілінде уақытша көпір салынып, тұрғындар риза болдық. Әйтпесе, көктем келісімен өзеннің арнасы көтеріліп, көпірді су басып қалып, жол қатынасына қиындық туғызатын. Нұрымбет Аманұлы мен кент әкімі Марғұлан Болатұлы мәселенің мән-жайымен танысып, тұрғындардың ұсынысына құлақ асып, көпір мәселесін шешіп берді. Ендігі кезекте шағын саяжайдың тұрғындары үшін жарықтандыру мен ауызсу, жол мәселесін де шешіп берер деген үміттеміз, - дейді саяжай тұрғыны Гүлбаршын Зақанқызы.

Следующая →