Атырау облысында 5 күн бойы қамыс өртеніп жатыр
Қатты жел өртті сөндіруде қиындық тудырып отыр, қызыл жалынды ауыздықтауға тікұшақ жұмылдырылды. Өрт бес шақырымға созылды
Атырау облысында бес күннен бері қамыс жанып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын ала себебін атады, Sputnik.
Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт 1,5 гектар алқапқа тарады.
Ведомствоның ресми өкілі өртті сөндіру батпақ бар жерлерде және өсімдіктер тығыз өскен аумақта күрделене түскенін айтты. Олар техниканың өтуіне кедергі келтірген.
Қазір өрт сөндірушілер аспалы өрт сөндіргіштер қолданып жатыр.
Оның айтуынша, өртті сөндіруге қатысқан ТЖД қызметкерлері шатыр құрып лагерьде түнеп жүр.
Сондай-ақ, ресми өкіл өртті жоюдың нақты уақытын айту мүмкін емес екенін айтты.
Следующая →
Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт 1,5 гектар алқапқа тарады.
- Алдын ала ақпарат бойынша өрт "Лада" маркалы автокөліктің өртенуінен кейін басталды. Көліктен шыққан өрт қамыс өсіп тұрған алқапқа жайылды. Өртті тоқтатуға "Қазавиақұтқару" акционерлік қоғамының Ми-171 борты тартылды. Екі күнде жалпы көлемі 66 тонна болатын 22 рет су ағызылды. Жеке құрамның 55 адамы жұмылдырылды, - деді Уәли.
Ведомствоның ресми өкілі өртті сөндіру батпақ бар жерлерде және өсімдіктер тығыз өскен аумақта күрделене түскенін айтты. Олар техниканың өтуіне кедергі келтірген.
Қазір өрт сөндірушілер аспалы өрт сөндіргіштер қолданып жатыр.
- Түтін шыққанына қарамастан, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өрттің жалпы ауданы 1,5 гектарды. Қазір 1,2 гектар жер сөндірілді. От теңіз жаққа қарай тарап жатыр, - деді Талғат Уәли.
Оның айтуынша, өртті сөндіруге қатысқан ТЖД қызметкерлері шатыр құрып лагерьде түнеп жүр.
Сондай-ақ, ресми өкіл өртті жоюдың нақты уақытын айту мүмкін емес екенін айтты.