Үйін өрттен құтқармақ болған азамат өзі күйіп қалды
Өрт кеше кешке Центральная көшесіндегі "Восточник-6" саяжайлар бірлестігіндегі орын алды
41 жастағы үй иесі жалынды өзі өшірмек болған. Бірақ арқасы күйіп қалды.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан қабырға, еден, терезелер, төбе жабындысы, шатыр, жиһазды сөндірді. Газ баллонының жарылысы жағдайды қиындатып жіберген.
Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз қызметі хабарлағандай, 32 шаршы метр аумаққа жайылған тілсіз жау ауыздықталды. Ал үй иесін жедел жәрдем облыстық мамандандырылған орталықтың травматология бөліміне жіберілді.
Өрттің шығуына абайсыздық себеп болды.