Шетелдіктер құқықтық мәртебесін екі ай ішінде айыппұлсыз реттей алады
Шетелдіктер мерзімі өткен құжаттарды ауыстыра алады, сондай-ақ өзінің құқықтық мәртебесін екі ай ішінде айыппұлсыз реттей алады
Ақтөбе облысының көші-қон қызметі басқармасы 12 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін екі ай мерзімге өтпелі кезең енгізіледі, осы кезеңде қолданылу мерзімі төтенше жағдай кезінде аяқталған бірқатар құжаттар жарамды болып қалады деп хабарлайды, деп хабарлайды Polisia.kz.
- Төтенше жағдай (карантин) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болған және белгіленген мерзімде елден кете алмаған шетелдіктерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген санкциялар қолданылмайды. 2020 жылдың 10 шілдесіне дейін олар қандай да бір қосымша құжаттар рәсімдеймей-ақ, Қазақстан Республикасынан кете алады. Шығарып жіберу туралы соттың орындалмаған шешімдері бар адамдар 2020 жылғы 10 маусымға дейін елден шығуға міндетті. Қазақстан Республикасында қалғысы келетін шетелдіктер мерзімі өткен құжаттарды ауыстыруға, сондай-ақ өзінің құқықтық мәртебесін реттеуге құқылы, – дейді көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Успанова Олбике.
Қабылдаушы тараптың өтініші бойынша және 1 ақпанда дейін келген шетелдіктерге ҚР-да уақытша тұруға рұқсат рәсімделетін болады.