Үндістанда газдан жүздеген адам уланып, 13 адам көз жұмды
Үндістанның оңтүстігінде газдан уланған жүздеген адам ауруханаға жеткізіліп, кем дегенде 13 адам қайтыс болған
Бұл туралы Қамшы тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды. Андра Прадеш провинциясының Висакхапатнам қаласында LG Polymers зауытынан газ ағып, адамдар уланған. Дәрігерлер "жүздеген адам" ауруханаға жеткізілгенін айтады. Көбісі көздерінің көру сезімі мен тыныс алуларының қиындағанына шағымданған. BBC қазірге дейін кем дегенде 13 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Жергілікті уақыт бойынша түнгі 03:00 шамасында болған оқиға "абайсыздықтан болған болуы мүмкін" дейді шенеуніктер.
24 наурыздан бастап Үндістан коронавирустың таралуын тоқтату үшін карантин жариялаған. Газдың ағып кетуі зауыт қайтадан ашылған кезде орын алған.
Мемлекеттік индустрия министрі Гоутам Редди BBC-ге "зауыт қайта ашылған кезде тиісті процедуралар мен нұсқаулар сақталмаған тәрізді" деген.
Следующая →