Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Блок-бекеттерден өту үшін науқастарға қандай құжатттар қажет

ШҚО-дағы гемодализді науқастарды қалаға кіру үшін қызыл рұқсат қағазы болуы керек деген қауесет дүрліктірді

Алайда облыстық Денсаулық сақтау басқармасы бұл сұраққа жауап берді. Қолында медициналық мекеме берген ДКК анықтамасы барлар бекеттерден өте алады.

Біздің редакцияға хабарласқан тұрғын Елена Н.(өз сұрауы бойынша есімі өзгертілді) хабарласты.

- Менің естуімше, ШҚО аудандарындағы блок-бекеттерде гемодлиздегі науқастардан арнайы қызыл түсті рұқсат қағазын сұрайды екен. Оларды әкімшіліктен алады-мыс. Әйтпесе науқас өзінің қолындағы тақ не жұп күні жүруге рұқсат беретін қағазымен сол күндері ғана өте алады екен. Осы рас па? Енді мүгедектер өмірлік маңызы бар ем-шараларын қалай қабылдайды? Бұл адамдар аптасына бірнеше рет қалаға әрең қатынайды.

Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында аймақтық коронавируспен күрес бойынша штабқа және облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа хабарластық.

Медициналық мекеме мамандарының айтуынша, гемодализдегі науқастар стационарда берген анықтамасымен өзінің отбасылық амбулаторияға келіп, ДКК анықтамасын суретімен алуы керек. Очсы анықтама блок-бекеттен өтуге рұқсат қағазы болады.

Штабтағылар да ШҚО Денсаулық сақтау басқармасынан алынған ақпараттарға сүйеніп, барлығы өзгеріссіз қалғанын нақтылады.
Следующая →