ШҚО-да төрт адам иіс газына уланып қалған
Зардап шеккендердің үшеуі балалар және әйел адам. Екі жағдай облыстың екі бөлек адуанында орын алған
Бірінші жағдай 27 наурыз күні Тәжірибе алаңы ауданындағы Горная көшесінде орын алған.
- Еріген қар кірпішті ерітіп жіберген, нәтижесінде үгілген кірпіш мұржаны бітеп қалған, - деп мәлімдейді Глубокое аудандық ӨБС. – Екі кәмелетке толмаған балаға иіс тиген.
Балалар Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығының неврология бөліміне жатқызылды. Жағдайлары тұрақты.
Тағы бір жағдай 29 наурыз күні Солнечное ауылындағы жер үйлердің бірінен шыққан. Мұржа түтінді нашар сорып тұрғандықтан 15 жастағы баласы мен әйел адамға иіс тиген.
Мамандар бұл үйдің тұғындары ҚР Өрт қауіпсіздігі ережесінің 17-бөлігін бұзған. Осыған қатысты әкімшілік іс қозғалды.