Таразда оқушылардың сабақ оқуына түрме кедергі келтіруде
Таразда бүтін бір аумақ оқушылары онлайн сынама оқудан жаппай
Себебі мұндағы шәкірттер түрменің белгілі себеппен байланысты бұғаттап тастауынан ғаламтор желісіне қосылай әуреге түскен сүрінді, деп хабарлады ktk.kz сайты. Жұрттың айтуынша, бұл аумақта бірнеше жылдан бері интернет түгілі, қарапайым ұялы телефонмен тілдесу мүмкін емес. Сондықтан тұрғындар балаларының қашықтан білім алады дегеніне күмәнмен қарап отыр.
Тараздағы 158/7 колониясының телефон байланысын бұғаттап тастайтыны бесенеден белгілі. Бірақ бұл жағдай түрмені жағалай қоныстанған жұрттың жүйкесін жұқартып бітті. Өйткені бұқараның әлеуметтік желіге қосылмақ түгілі, жай телефонмен хабарласуға мүмкіндігі жоқ.
- Бүкіл мына аймақтың сіздерге айтар өтініші: "Мына түрмені құртсын немесе бүгіннен бастап бұғаттамасын. Сабақ басталды", - дейді Тараз қаласының тұрғыны Қарлығаш Бекбергенова.
Сәуірдің алтысынан елміздің барлық оқушылары қашықтан оқу жүйесіне көшеді. Алайда мұндағы шәкірттерге онлайн білім алу жығылғанға жұдырық болғалы тұр. Себебі балалардың ғаламторға қосылуы мұң
- Қазір балаларымыз онлайн оқуға шықты, - дейді тұрғындардың бірі Ақмарал Аманғараева. - Ешқандай байланыс жоқ. Сонда қалай оқиды?! Мұғалімдер кешеден бері шағымданып жатыр.
Тұрғындар ұялы байланысты шектейтін құрылғының кесірінен өркениет игілігінен қағылдық дейді. Ал байланыс операторлары сигналдың әлсіз болуына түзеу мекемесі кінәлі деген. Бірақ колония басшылығы құрылғының бүкіл маңайды басып қалуы мүмкін емес дейді.
- Бүгінгі таңда тиісті шара қолға алынды. Мамандар байланыс жүйесін бұғаттайтын құрылғының таралу аумағын қалыпқа келтіріп жатыр. Жақын арада шешімі шығуы керек, - деді ЖД-158\7 түзеу мекемесінің бастығы Алмазбек Әзірбеков.
Ал шенділер Бұрыл елді мекеніндегі оқушылардың жаппай интернетке қосылмады деуі – бекер дейді. Сөздеріне сенсек, осы ауданға қарасты 136 оқушының тең жарымында қиындық болған. Бірақ оның өзі уақытша деп сендіреді.
- Кеше 136 баланың кейбірі қосылмағаны анықталған болатын. Бұл жөнінде түзеу мекемесінің басшылығымен заңға сәйкес тиісті орындар тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр, - дейді Тараз қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Уәлихан Байдуанов.
Түзеу мекемесі мен білім бөлімі ортақ мәмілеге келе ме? Қазір қос тарап өгіз өлмей, арба сынбайтындай шешім қарастырып жатыр. Өйткені түрмеден байланыс шектеуін өшіре салу да оңай шаруа емес. Себебі бұл сәтті жазасын өтеушілер ұтымды қолданып кетуі ықтимал.