Ішкі істер министрлігі инспекторды атқан браконьерлерді іздеп жатыр
ІІМ қоғамдық резонанс тудырған істі тергеу жалғасып жатқанын айтты
Полиция "Охотзоопром" кәсіпорны қызметкерлеріне шабуыл жасауға қатысы бар тұлғалардың барлығын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобы жасаған адам өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
- Кешенді тергеу іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар барлық адам анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ол.
Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларына шабуыл жасады. Инспекторлар күдік туғызған автокөлік пен құжаттарды тексергелі жатқанда, браконьерлер қарсылық көрсеткен.