Мәскеу метросындағы топан су үш стансаның жұмысын тоқтатты
Түнде Окружная мен Верхние Лихоборы стансалары арасында тоннельдерді су басып, бірнеше стансаның жұымыс тоқтатылды
Су тек таңға жуық тоқтатылып, тоннель ішіндегі су мен артық топырақты тазарту жұмыстары басталды.
Метроның бұл аймағы жабылып, жолаушылар жабық стансалар арасында тегін тасымалданды.
Қозғалыс тек қосымша тексерістерден кейін ғана қалыпқа келтірілді.
Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз.
- Әзірге нақты себебін айту қиын. Бірақ инженерлік коммуникациялар зақымданбағаны анық, - деп мәлімдеді метрополитен баспасөз қызметі.
Метро жұмысқа кешіккен жолаушыларға анықтама беруге уәде етті.