АҚШ-та жарылғыш зат жайында хабарлама таратқан азамат ұсталды
Өткен аптада АҚШ-тың танымал тұлғаларының электронды пошталарына қолдан жасалған жарылғыш заттың орнатылғаны жайында хабарлама тараған болатын
Ал Си-Эн-Эн телеарнасының хабарлауынша, хабарлама таратқан азаматты федералды құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстаған. Телеарнаның мәліметтері бойынша ұсталған азаматтың жасы 50 шамалас, бұрын сотты болған. Азамат Нью-Йоркте туғанымен, Флорида штатында тұрады.
АҚШ Президенті Дональд Трампқа азаматтың ұсталғаны жайында хабардар.
Ал хабарлама таратылған танымал тұлғалардың арасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама, бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон, сенатор Кори Букер, бұрынғы бас прокурор Эрик Холдер бар.