Қазақстанда "Педагогтің статусы туралы" заң жасалуда
ҚР БҒМ Елбасының тапсырмасын орындау аясында "Педагогтің статусы туралы" заң жобасын әзірлеуде
Заңды және сәйкес нормативтік актілерді жасау үшін арнайы жұмысшы тобы құрылды, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Осыған орай ҚР БҒМ қызығушылық танытқандарды заң жобасын талқылауға шақырады.
- Мектеп, колледж, ЖОО оқытушыларын, мемлкеттік ұйымдардың өкілдері мен ата-аналарды жасалып жатқан заң жобасын талқылауға белсене атсалысуға шақырамыз, - деп мәлімдеді Білім министрлігі.
Қалаған азаматтар өз ұсыныстарын bilimdiel.project@mail.ru
сайтына жолдай алады.