Атышулы футболшыларға айып тағылды
Ресейлік футболшылары Павел Мамаев пен Александр Кокорин бұзақылық жасады деп айып тағылуда
Мәскеу ІІМ ММ хабарлағандай, екі футболшыға айып тағылды.
- Олар РФ ҚК 116-бабы "Ұрып-соғу" мен 213-бабы «Бұзақылық» бойынша айып тағылды, - делінген хабарламада.
Ал футболшлыардың қорғаушылары ұрып-соғу фактісі бойынша айыпты ғана қалдыруды талап еткен.
"Зениттің" форварды Александр Кокорин, оның бауыры Кирилл мен "Краснодар" хавбегі Павел Мамаев 8 желтоқсанға дейін Мәскеудегі екі жанжалға байланысты қамауға алынды. Ол бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Олар бір күнде Бірінші арнаның тележүргізушісінің көлік жүргізушісін соққыға жығып, РФ Өндіріс және сауда министрлігінің шенеунігіне тап берген.