Жапонияда ірі сыбайлас жемқорлық қылмыстары ашылды
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірнеше жағдайлар әшкереленгеннен кейін білім беру, мәдениет, спорт, ғылым және технология министрінің орынбасары Кадзуо Тодани өзінің лауазымынан айырылды
Жапон үкіметінің бас хатшысы Есихидэ Суги орын алған ірі сыбайлас жемқорлық жанжалына қатысты өзінің пікірін білдірді. Ол орын алған жайтты өте қасыретті деп бағалады.
Оның пайымдауынша, әшкереленген жайттардан кейін мемлекеттік органдар болашақта бұндай жағдайларды болдырмас үшін барлық шараларды қолдану керек. Сонымен қатар, оның пікірінше, үкімет қоғамның сенімін қайтару үшін жұмыс жасау қажет.
Осы жылы Жапонияның білім беру министрлігінде бұл жағдай осымен үшінші рет қайталанып отыр. Сыбайлас жемқорлық дауларының нәтижесінде министрліктің екі лауазымды тұлғасы тұтқындалды.