Жас жігіттер зейнеткерді пышақпен қорқытып ақшасын алып кеткен
Зырян ауданының екі тұрғыны бөтен үйге басып кіріп, зейнеткер қарияны тонап кеткен
Ал пышақпен қорқытып, ақша талап еткендерден қорыққан қария қолындағы 70 мың теңгесін беріп құтылған. Бірақ кейін ес жиып, полиция қызметкерлеріне хабарласқан.
- Зырян аудандық полиция бөлімі жедел іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктілерді аз ғана уақыттың ішінде ұстап алды. Нақтырақ айтсақ, бір күннің ішінде ұсталды, - дейді ШҚО ІІД.
Жігіттер ақшаны әлі жұмсап үлгермеген екен. Полицейлер ол ақшаны зейнеткерге қайтарып берді.
Тақырыптар:
Ограбление пенсионерки Ограбление в ВКО Зыряновский РОВД ДВД ВКО Досудебное расследование