Қостанай облыстық әкімдігіне «бомба» алып кірген
Қостанай облыстық соты Қарабалық ауданының әкімдігіне әкімшілік ғимаратына қолдан жасалған жарылғыш заттың муляжы кіргізілгендігі үшін 454 мың теңге көлемінде айыппұл салған
Соттың баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, антитеррорлық қауіпсіздікті қызметіне қатысты тексеріс мақсатында әкімдік ғимаратына жарылғыш заты бар ер адам жіберілген. Азамат мекемеге еш қиындықсыз кіріп кеткен.
Осыған орай, Қарабалық ауданының әкімдігі антитеррорлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді толық атқармағаны және нысанның күзетілу деңгейінің төмендіне байланыстыәкімшілік жауапкершілікке тартылды.