Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Жол жүру ережелеріне өзгерістер енгізілді

Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері қысқартылды

2017 жылдың 3 шілдесінде мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (№ 83-VI ЗРК) Заңға қол қойды.

Осыған орай ҚР ІІМ сайтында жарияланған бұл өзгерістер мен толықтырулардың кейбіріне тоқталамыз.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша енді, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін мүгедектерді көлiк құралдарын басқару құқығынан 3 жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Сол сияқты, масаң күйін куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін жүргізуші куәлігінен айыру мерзімі 2 жылдан 3 жылға дейін ұзартылды.

Айта кету керек, ағымдағы жылы жол жүру ережелеріне қатысты кейбір айыппұл мөлшері қысқаратыны айтылған. Бұл ретте жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамағаны үшін айыппұл мөлшері 5-тен 3 айлық есептік көрсеткішке дейін қысқартылды.

Әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда оны айырбастау кезінде емтихан тапсыру жөніндегі міндеттілік алынып тасталынды.

Ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда оның рұқсатынсыз жолаушының көлік құралын тастап кетуіне тыйым салатын норма күшін жойды.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеу үшін көлік құралын тоқтатқан жағдайда жүргізушілерге фото және бейнежазба жүргізу құқығы берілді.

Көлік құралын тоқтатқаннан кейін полицияның: дереу жақындап келуі, өзін таныстыруы, жүргізушінің талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі, тоқтату себебін түсіндіру, радардың (қолданылған жағдайда) деректерін көрсету міндеті белгіленді.

Көлік құралына аэрография салу бойынша тыйым салу алынып тасталынды. Жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедті айдап жүруге тыйым салынды. Заңның ережелері 2017 жылдың 15 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Авторы: Айдос Мырзахметов

Следующая →