Қазақстандық туристер Антальяда қайтусыз қалды
Түркияның туристік фирмасы аяқ астынан банкрот болып, бұл елге барған отандастарымыз елге қайта алмай отыр
Түркиялық «Элит класс» аталатын туристік фирма аяқ астынан өзін банкрот қылып жариялаған. Нәтижесінде Анталияға барған қазақстандық туристер далада панасыз қалған.
Қазіргі уақытта Түркиядағы қазақ елшілігі отандастарымызды қонақ үйлерге орналастырған. Қазақстан үкіметі «Элит класс» басшылығына іздеу жариялады.
Анталиядағы Қазақстан елшісі Бауыржан Абдрахманов аталмыш фирманың басшыларының бірі Қазақстаннан 20 жыл бұрын көшіп кеткен өз отандасымыз екендігі анықталғандығын айтады. Қазақстан үкіметінің ойынша, банкрот жариялау қолдан ұйымдастырылған іс, жоспарланған іс.
Әзірбайжан мен Өзбекстаннан барған туристер де осындай келеңсіз жағдайға тап болған.