Қарағандыдағы қорық жұмысшылары өтірік айтқаны үшін жұмыстан қуылуы мүмкін
Көліктеріне браконьерлер оқ атты деген қорықшылар жазаға тартылуы мүмкін. Полицейлер барконьерлердің қорықшылар көлігіне оқ атып, оны өртеп жібергені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Тенгриньюс сайты Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің сөзін келтіреді.
"Аталған дерек бойынша материал СДТБТ-ға тіркелді. Ұлытау аудандық ІІБ қызметкерлері өрт болмай тұрып көлікте болған бес адамды полиция бөлімшесіне жеткізді. Тергеу барысында жүргізуші мен жолаушылардың берген куәлігі бойынша, 6 маусым сағат 18:00-де олар жүріп бара жатқан көлік шаңын көргені анықталды. Осыдан кейін браконьерлер отыруы мүмкін көліктің соңына түседі. Алайда оны қуып жетпей тұрып "Ақбөкен" КҚ қызметтік көлігінің шанағына құрғақ шөп жиналып қалып өрт шыққан. "Ақбөкен" КҚ қызметкерлері бұл туралы басшылыққа баяндаған. Ал ешқандай оқ ату мен өртеу оқиғасы болмаған", - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Сонымен қатар, расталмаған ақпаратты таратқан адамдарды да жауапкершілікке тарту мәселесі қаралып жатыр екен.
"Мұның алдында, БАҚ-та "Ақбөкен" КҚ инспекторларының көлігін барконьерлер оқ жаудырып, өрт қойғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қарағанды облысының полициясы жалған ақпаратты тарату заңмен қудаланатынын есертеді", - дейді Құдияров.
Еске салайық, мұның алдында "Ақбөкен" КҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, бизнесмен Марғұлан Сейсенбай Facebook желісіндегі парақшасына видео орналастырып, "Ақбөкен" КҚ инспекторларының көлігіне оқ атылғанын және көліке белгісіз зат шашылған соң өртенгені туралы пост жариялаған болатын. Кейін бизнесменнің сөзін қорық директоры Виктор Милосердов растаған болатын. Ол қорықшылар сөзі бойынша оқиғаның мән-жайын айтып берген.