Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстан азаматы Ресей ФҚҚ-ға қарсы сотты жеңіп шықты

Страсбургтегі адам құқығы бойынша Еуропа сотышекарадан асуға тыйым салу фактісі бойынша Қазақстан азаматының Ресей үкіметіне қарсы талабын қанағаттандырды

2014 жылдың сәуірінде Орал-Саратов бағдарындағы жеке-жүргізуші Мұрат Кәменов Саратовқа үйіне қайтып келе жатқан. Шекаралық бекеттердің бірінде күтпеген жерден Ресей ФҚҚ оған Ресейге кіруге тыйым салғаны анықталған. РФ-да 14 жыл тұрып не қылмыстық, не әкімшілік жазаға тартылмаған адамға жай түскендей болған.

Мұрат бірнеше аптай бойы көлігінде түнеп, кейін пәтер жалдауға тура келген. Оралда адам тасумен қаражат тауып, әйелі мен баласы қалған Саратовтан заңгер жалдаған.

Ең алдымен ер адам шекаралық қызметпен, кейін ФҚҚ-мен, кейін Ресей Федерациясындағы Жоғарғы соты жеңіліспен аяқталған соң, Страсбургтегі адам құқығы бойынша Еуропалық сотқа шағымдануға тура келген. 2017 жылдың 7 наурызында АҚЕСекі жақтың дәлелін тыңдап, Кәменовтың арызын қанағаттандыру керек деген шешімге келді. Сот шешімінде Кәменовтың Ресей Федерациясына кіруіне ФҚҚ неліктен тыйым салғанын Ресей үкіметі түсіндіре алмады деп жазылған.

Осыған байланысты арызданушы 2000 жылдан бері Ресей азаматшасымен тұрмыс құрғаны, екі қызы бар екені және тыйымға дейін Ресейде өмір сүргені лайықты болған. Сот арызданушының Ресейдегі жанұясымен тығыз байланыста болғанына, жанұясы тап болған қиындықтарына үлкен ден қойды. Олар қазақ тілінде сөйлей ме, жоқ па деген ақпараттың болмағанына, орыс тілінің Қазақстанда кең ауқымда таралғанына қарамастан, егер олар арызданушының атынан еретін болса Қазақстандағы өмірге бейімделу қиын болатынына шек келтірмейді. Арызданушының жанұясы арызданушымен телефон, Ғаламтор арқылы немесе Қазақстанда көрісе алады. Алайда, арызданушыға 2030 жылға дейін елге кіруге тыйым салынса, оның жанұясының өміріне тиетін зардап есепке алмасқа болмайды, - деп хабарлады сотта.

АҚЕС шешімімен Ресей үкіметі арызданушыға моральды және материалды зардап үшін 12 500 еуро төлеуі керек. Сот шешімі 2017 жылдың 7 маусымынан күшіне енеді.

 

Следующая →