Іздестірудегі шахандық пеш жағушы жайлаудан өлі табылды
Қарағанды облысының Сарань қаласына жақын орналасқан өңірде 2017 жылдың 1 қаңтарында Шахан кентіндегі 5 қабатты үйдің подъезі жарылған үйдің пеш жағушысының денесі табылды
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жайлаудан табылған ер адамның денесінде ешқандай жарақаттар мен соққыдан қаза болуының себептері анықталмады. Соңғы нұсқа бойынша оның ажалы суық тиюден болған.
Пеш жағушы 1 қаңтар күні орын алған жарылыстан кейін жоқ болып кетті.
- Осы уақытқа дейін оқиғаның себептерін анықтау үшін оны іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өйткені күдіктінің дәрежесі анықталмаған болатын, - деді полиция қызметінде
Естеріңізге сала кетсек, 1 қаңтар күні Шахан кентіндегі бес қабатты үйдің подъезі жылыту қазандығында орын алған жарылыстың салдарынан құлап кетеді. Тоғыз адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізіледі. Үйде барлығы 118 адам тұрса, құлаған подъезде 25 адам тұрды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-тармағы бойынша (өрт қауіпсіздігі шараларын сақтамау салдарынан екі не одан да көп адамның өліміне кінәлі болу) соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Кейін ол ҚР Қылмыстық кодексінің 281-бабының 3-тармағына (өрт қауіпсіздігі шараларын жарылыс қаупі жоғары нысандарда сақтамау салдарынан екі не одан да көп адамның өліміне кінәлі болу) қайта ауыстырылды.
Следующая →