Сербиядағы сайлау жетекшісі Путин мен Меркельдің қолдауына рахмет айтты
Александр Вучич Сербияның еуропалық курсты сақтай отырып, Ресей мен Қытайдан достастығын ажыратпайтынын айтты
Алдын ала қорытынды бойынша президент сайлауынан жеңіп келе жатқан Сербия премьер-министрі Александр Вучич Белградтың еуропалық курсын сақтай отырып, Ресей мен Қытаймен достастығын үзбейтінін жеткізді.
- Сербияның көптеген азаматтары реформа үрдісін жалғастыруға, Сербияның еуропалық жолын ұстана отырып Ресеймен және Қытаймен дәстүрлі достастықты сақтауға, ауыр жұмыстарды жалғастыруға қолдау көрсетіп отыр, - дейді Вучич.
Ол сонымен қатар РФ президенті Владимир Путинге және Германия канцлері Ангела Меркельге сайлау кампаниялары барысында көрсеткен қолдауына алғысын білдірді.
- Ерекше алғысымды Меркель ханым мен Владимир Владимирович Путинге Сербиямен және менімен үкімет төрағасы ретінде жүргізген келіссөздеріне алғысымды білдіремін. Алайда екеуіне де сайлауалды тыныштыққа он бес және үш күн барын айтып өткен болатынмын. Оларға шын рахметімді білдіремін, бұл олардың Сербия туралы жақсы ойлайтындарын, және мен туралы жаман пікірде емес екендерін көрсетті, - деп тапты серб премьері.
Айта кету керек, Берлинге Вучич 15 наурызда, Мәскеуге – 27 наурызда барып қайтқан.
Алдын ала ақпараттар бойынша, Сербияның қызметтегі премьері 55-59% дауыс алып, бірінші турдан сүрінбей өтеді.
Следующая →
Тақырыптар:
Кандидат в президенты Сербии Александр Вучич Президент России Владимир Путин Канцлер Германии Ангела Меркель