АҚШ-та ер адам қышқыл термальді қайнарда балқып кетті
АҚШ Йеллоустондық ұлттық саяжайында құтқарушылар термальді қайнарға құлаған ер адамды шығара алған жоқ, оның денесі қышқылдан балқып кетті
23 жасар Колин Скотт маусым айында ыстық қайнарға шомылмақ болған кезінде балқып кеткен екен, алайда бұл туралы ақпарат енді ғана жарияланып отыр. Жергілікті билік өкілдері бұл оқиға жайлы ақпаратты жергілікті телеарнаның сұратуымен жариялады.
Бұл ақпаратқа сенсек, 7 маусым күні жас жігіт өзінің Сейбл атты қарындасымен ағаш төсеніштен өтіп, гейзерлі басейнге ескертпеге қарамай, түспек болған.
Сейбл Скотт ағасы Норристің суға түсуін телефонға түсірмек болған. Алайда ағасы тайып, қайнап жатқан суға құлап кеткен. Кейін келген құтқарушылар жігіттің денесін судан шығаруға кештің батуы мен келе жатқан қара бұлт кедергі болады.
Оқиға ертеңінде ер адамның денесі табылмай қояды. Ренцнжерлер тобының төлағасы Лоран Вересстің сөзіне сенсек, ер баланың денесі қышқылы бар ыстық суда балқып кеткен.
Следующая →