«Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ жетекшілігіне қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды
Компания жетекшілігі 28 млн теңге көлемінде кезекті пара алғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен ұсталды
Тергеу амалдары көрсеткендей «Бәйтерек DEVELOPMENT» АҚ қызметкерлері А. Джакупов (Басқарма өкілінің орынбасары), Б. Айтимбетов (мемлекеттік-жеке меншік дирекциясы департаментінің жетекшісі), және Г. Сариев (басқарушы директор) пара алудың жүйелі сызбасын құрған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сайтында хабарланғандай, олар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өңірлердегі жалдамалы үй құрылысын жүргізуді сатып алу барысында құрылыс компанияларының мүддесін лоббилендірген.
Бұл жүйеде олардың әрқайсысында нақты бір орын болған. Айтимбетов құрылыс компанияларының өкілдерінен тікелей қаражат алып, келісімшарттарға қол қойятын, атқарылған жұмыстардың актісін және төлем есебін жүргізетін Джакупов пен Сариевқа беріп отырған. Қулық сұмдығы бар жүйеге 13 кәсіпорын қатысқан және бүкіл Республика төңірегіндегі құрылыс нысандарына тараған, яғни, Орал, Көкшетау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған қалаларына.
Бірақ 17 қарашада Джакупов, Сариев және Айтимбетов Павлодар қаласында құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 9 қабатты тұрғын үй құрылысына келісімшарт орнату және атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қоюға, «Project City Group» ЖШС-ны қолдауға арналған 28 млн теңге пара алу барысында ұсталған. Тергеу жүріп жатыр.