Ақтау-Жаңаөзен тас жолында жолаушылар автобусы өртке оранды
«КАвЗ» маркалы автобусы Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 44-ші километрінде өртке оранған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысының ТЖД хабарлады
Фото:
Социальная сеть В Контакте
Анықталғандай, көлік «Маңғыстаумұнайгазға» тиесілі екен. Ол Жетібай ауылынан вахталық жұмысшыларды алып кету үшін бара жатқан көрінеді.
Маңғыстау ТЖД хабарлағандай, автобус сағат 2-лер шамасында жана бастаған. Сол сәтте автобуста тек жүргізуші болған және жанып жатқанда қашып шыққан.
- Оқиға орнынан жеткен Маңғыстау ауданының №5 өрт сөндіру бригадасы тілсіз жауды ауыздықтағанымен, автобус толық жанып кеткен, - деп хабарлады департамент қызметкерлері.
Өрт себептері анықталуда.
Следующая →