Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Алдаспан

Ет сатып аларда аса абай болған жөн

Елімізде сібір жарасы маусым айынан бері елдің үрейін алып, дүрліктіріп отырғаны жасырын емес

Новости Казахстана / Ет сатып аларда аса абай болған жөн
Фото:
novostink.ru
Ел арасында түйнеме немесе сібір жарасы деп аталып кеткен ауру төрт облысқа - Қарағанды, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстанға тарап үлгергендігін БАҚ өкілдері жарыса жазып жатыр. Осыған орай талай шаралар атқарылып, күннің басты мәселелері қатарында қаралып келе жатыр. Бұған дейін Ауылшаруашылығы министрлігіндегілер 6 миллионға жуық малға екпе салынғандығын мәлімдеген болатын. Бұл індетті тек бір айда 16 адам жұқтырып үлгерген. Ал Қарағанды облысында екі адам, Павлодар облысында бір адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 13 науқастың 8-і емделіп, ауруханадан шығарылды. Бүгінгі таңда стационарлық емде 5 адам бар. Қарағанды облысында бір науқас, Павлодар облысында екі, Шығыс Қазақстан облысында екі адамды емханадан шығару жоспарланып отыр. Айта кетейік, мамандардың айтуынша Павлодар облысындағы екі пациенттің жағдайы жақсарып келе жатыр.

Одан өзге мал ауруы әлі басылмай тұрған шақта халық ет сатып алу қауіпті деп, үрейленіп жүргендері де жасырын емес. Тіпті, мамандардың өздері де ет сатып алуда аса абай болуды ескертеді. Алайда, елдің әр өңіріндегі сатылымға шығатын ет жіті тексеріліп отырады.

ШҚО Ветеринария басқармасындағылардың айтуынша базарлар мен дүкендерде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мал дәрігерлері ветеринариялық заңнамаға сәйкес күнделікті ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүргізіледі. Яғни, базарға сатуға қауіпсіз және сапалы тексерістен өткен өнім ғана жіберіледі. Ішкі сауда объектілерінде жануарлар өнімі ветеринариялық нормаға сәйкестігін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразиттік, таксикологиялық және радиологиялық зерттеулер жүргізу арқылы ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы анықтайды.

- Тұтынушыларға мал өнімдерін ветеринариялық ілеспе құжаты болмаса және арнайы орындарда сатылмаса, сатып алмауға кеңес береміз, - дейді ШҚО Ветеринария басқармасы басшысының м.а. Тілек Бапинов. – Тіпті, тұтынушы ет сатушыдан міндетті түрде ветеринарлық сертификат немесе зертханалық тексерудің қорытындысын талап етуі қажет.

Осы сияқты қасапшылардың қолында «мал соятын орын санитарлық талапқа сай» деген анықтама да болуы тиіс екен.

- Сонымен қатар, етті сатып алар кезде органолептикалық көрсеткішіне мән беру керек, - дейді Тілек Бауыржанұлы.

Жалпы бір қарағанда ауру малдың етін ажырату мүмкін емес. Егер еттің сапасына күдіктенсеңіз, сол жердегі ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына дереу жүгінуіңіз қажет.

Мамандардың айтуынша еттің түсі ашық қызғылт түстен ақшыл қызыл түске дейін, әрі балғын еттің өзіне тән иісі болуы керек. Сонымен қатар, қойдікі қызыл-күңгірт, сиырдың еті қанық қызыл болу керек екен. Еттің майына да мән берген дұрыс, ет майы ақ сары болуы қажет.

Осы орайда айта кетейік, малдан қатерлі індет тарағанынан хабардар болған көршілес Ресей елімізден ет тасымалдауға тыйым салған болатын.

- ҚР Ауылшаруашылық министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің рұқсатымен экспортер мемлекет ветеринариялық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, Ресей Федерациясына ет шығаруға рұсат етілді, - деп атап өтті облыстық Ветеринария басқармасы басшысының м.а. Тілек Бапинов. - Етті экспорттау кезінде тамақ қауіпсіздігін облыстық ветеринариялық зертхана зерттейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қарағанды облысында және Жарма ауданы Қалбатау ауылдық округінде жарияланған карантин де тоқтатылды.

Назерке Кәрімова
Следующая →