Зайсан ауданында қызыл су қауіп төндірді
Зайсан аудандағы Сартұмсық елді мекеніндегі үйлерге қызыл су қауіп төндірді Зайсан аудандық әкімдігі мәлімдегендей, 1 қаңтар күні сағат 20.55-те ауыл тұрғындарының бірі хабарласып, күн аяз болғандықтан су тұмасы қатып, қызыл су Айнабұлақ ауылдық округіне қарасты Сартұмсық елді мекеніндегі төрт үйге қауіп төндіріп тұрғаны туралы айтқан. Айта кетейік, Сартұмсық елді мекені Зайсан қаласынан 70 шақырым қашықтықта екі таудың ортасында орналасқан. Бұнда барлығы 6 үй бар, тұратын халық саны - 15. Бұл ауылда...