Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сергей Коротин: «Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру!»

Өскемен қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер шешуге ниетті мәселелерді атады

Партнерские материалы / Сергей Коротин: "Наша главная цель — построить Справедливый Казахстан!"

№18 сайлау округі бойынша "AMANAT" партиясынан Өскемен қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Сергей Коротин сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қаланың және жалпы елдің дамуы үшін әркімнің дауысы неге маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ең алдымен экономика, әлеуметтік сала, аймақтық саясатқа түбегейлі өзгеріс енгізуге бастамашылық ету керек. Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру. Ол үшін өткеннен сабақ ала отырып, бүгінгі қателіктерді түзету керек, қордаланған мәселелерді шешу қажет, - дейді депутаттыққа үміткер.

Сергей Коротин өз бағдарламасында бірнеше маңызды мәселелерді атап өтті. Барлығы тоғыз пункт, әрқайсысының маңызы жоғары.

1. Шағын аудандардың мәселені уақытында шешу үшін ағымдағы сұрақтарын үнемі назарда ұстау қажет.

"Бұндағы негізі мақсат округтің әр тұрғыны өзін қызықтырған сұрақ немесе ұсыныспен жүгіне алатындай ашықтық пен сенімді қарым-қатынас құру. Ал мен өз тарапынан әр мәселенің байыппен шешуілу үшін қажетті шараларды жасаймын".

2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау.

"Халықтың әлеуметтік осал топтарына кеңес беріп көмектесу мен үшін маңызды. Өйткені осылайша олар туындаған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді сауатты шешіп, өз құқықтарын қорғай алады".

3. Мектептерді қолдау, балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру.

"Ведомстволық бағынысты оқу орындарына үнемі қамқоршылық таныту, олардың қызметтері бойынша сұрақтарды шешу және бұл сұрақтарды мәслихат деңгейінде көтеруге атсалысу".

4. Ведомстволық бағынысты аумақтағы халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту (абаттандыру және әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарды шеші) жоспарын жасау және біртіндеп енгізу.

"Мәслихат деңгейінде шешуді талап ететін ведомстваға қарасты аумақтағы халық үшін маңызды сұрақтарды қарасыру және шешу".

5. Қаланың экологиялық жағдайына қатысты сұрақтарды қарастыру, бағдарламаларды ұсыну және оларды жүзеге асырудың әр түрлі жолдарын іздестіру.

"Біздің қаламызда, өндірістік жүктеме мен өнеркәсіптік орталық екенін ескере отырып, қолайлы экологиялық жағдайды үнемі бақылауда ұстау өзекті мәселе".

6. Қазақстандықтарды ұлттық бірлік пен мемлекеттің тұтастығын нығайтуға жұмылдыру.

"Демократиялық қоғам мен мемлекеттік басты міндеті – ұлттар бірлігі. Сол себепті депуттаттыққа үміткер әрі біздің округ азаматтарының өкілі ретінде менің негізгі мақсатым – біртұтас мемлекет және болашағы бір ел ұраны аясында қазақстандықтарды біріктіру. Республикамызда тұрып жатқан әр ұлттың тілі мен мәдениетін қолдаудың қоғамды біріктіру және бейбіт өмір сүру үшін маңызы зор фактор".

7. Ведомствоға бағынсты аумақтағы кез келген жағдайлар мен мәселелерді шешудің негізі ретінде заңды сақтау және нығайту.

"Құқықтық мемлекет құру жолында заңның үстемдігі басым – бұл кез келген мәселені объективті түрде, ұлты мен әлеуметтік жағдайына қарамастан және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шегінде қарау".

8. "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН – ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА – ӘДІЛ ҚОҒАМ" деген үш өзара байланысты принциптерге негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа қатысу.

"Бірінші қағидат саяси жаңғыртуды жалғастыруды, кәсіби мемлекеттік және корпоративтік басқаруды енгізуді көздейді.

Екінші принцип – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттің мүдделері мен әл-ауқатының теңгеріміне, сондай-ақ ел ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген экономиканы құру.

Үшінші принцип дамыған әлеуметтік инфрақұрылымды және адам әлеуетін іске асырудың кең мүмкіндіктерін құруды көздейді".

9. Бар күш-жігерім, білімім мен мүмкіндіктерімді барлық азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсау.

"Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы жоспарланған реформалардың табысты жүзеге асуының басты шарты болмақ!".

Материалды жариялау үшін "ШҚО, Өскемен қалалық әкімінің аппараты ММ" республикалық бюджет қаражаты есебінен төледі.



Следующая →
Материал размещен на правах рекламы