Облыстық мәслихаттың депутаты көпбалалы отбасыларды мектепке дайындады
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Nur Otan партиясының сайлаулы депутаттары "Мектепке жол" қайырымдылық науқанына қатысты
Облыстық мәслихат депутаты Тұрарбек Әзекенов алтыдан тоғызға дейін бала тәрбиелеп отырған өскемендік көпбалалы отбасылармен кездесті.
Олардың әрқайсысында бірнеше мектеп оқушысы бар. Балаларды алдағы оқу жылына дайындау – тіпті бір бала тәрбиелеп отырған ата-ананың отбасылық бюджеті үшін де айтарлықтай ауыртпалық. Ал, енді, олардың оқуға баратын үш, төрт немесе бес баласы болған кезде – жағдай одан сайын қиын. Тұрарбек Анарбекұлы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, балаларды Білім күнімен құттықтап, оларға кеңсе тауарлары мен дорбаларға салынған сыйлықтар жиынтығын табыстады.
Следующая →

- Балалар өте қабілетті, белсенді және оқуда жақсы жетістіктер көрсетеді деп сенемін. Олар өздерінің хоббиі, келесі оқу жылына жоспарлары туралы әңгімелермен қуана-қуана бөлісті. Алты-жеті балаға қарамастан, анасы әр балаға сүйіспеншілік пен қамқорлық көрсете алатынын көру де ғанибет. Мен бірнеше отбасының болса да мектепке дайындалуын аз да болса жеңілдеткеніме өте қуаныштымын. Ақ жол, балалар! - деді Тұрарбек Анарбекұлы.
Материал размещен на правах рекламы