Құны 10 миллион теңге болатын асыл тастарды ұрлағандардың жазасы ауыр
ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі, 188-бабы "Аса үлкен көлемдегі ұрлық" бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
41 жастағы әйел ломбардтың тоналғаны туралы шағымданып, Жамбыл аудандық полиция бөліміне арыз жүгінді, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Следующая →
- Алматы облысы Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының тұтас кешенін ұйымдастырды. Нәтижесінде үш күдікті әшкереленді. Олар 27 және 32 жастағы Алматы облысының тумасы, сондай-ақ 52 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты, - дейді Алматы облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.Арнайы операция кезінде күдіктілер арнайы жасақтың көмегімен ұсталып, полицияға жеткізілді. Олардан қолғап, тырнақ тартқыш, алтын бұйымдар мен ақша тәркіленді. Ломбардқа келтірілген шығын 33 миллион теңгеге бағаланған.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 4 бөлімі "аса ірі көлемдегі ұрлық" бойынша күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бүгінде ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы бойынша бірқатар тексерулер жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - деді Асхат Данияр.