Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

"Казцинк" ТЖ кезінде "Үміт" балалар үйіне қолдау көрсетті

Кәсіпорын "Үміт" балалар үйіне оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жоғары жылдамдықты Интернетке қосыла алуы үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.

Компания "Үміт" балалар үйіне үнемі қолдау көрсетеді, мекеменің әртүрлі бағыттарына көмектеседі және әр баланы ұмытпауға тырысады. COVID-19 пандемиясында оқушылар ерекше көмекке мұқтаж. Сәуірде барлық білім беру мекемелері қашықтан оқу режиміне ауысуға мәжбүр болды, сабақтар енді ғаламтор арқылы онлайн режимде өтуде.

Көптеген ұйымдар үшін бұл күтпеген проблемаға айналды. Себебі балалар онлайн режимде ыңғайлы білім алу үшін оларға жоғары жылдамдықтағы интернет керек. Казцинк бөлген қаражат есебінен балалар үйінің әр бөлмесі желіге және кабельді теледидарға қосылды. Қызметтер бір жыл алдын ала төленген. Енді оқушылар еркін білім ала алады.

- Коронавирустық пандемия бәрімізге әсер етті. «Үміт» балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілеріне қазір қиын жағдай туды, - деп түсіндірді "Казцинк" ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев. - Ұзақ уақыт бойы Интернетті таратудың бірнеше нүктелері ғана жұмыс істеп тұрды. Бұл барлық оқушыларды сапалы қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болды. Біз мұндай жағдайды көріп, аттап өте алмадық, өйткені балаларға білім беру өте маңызды!

Сондай-ақ, "Казцинк" оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дезинфекциялық және байланыссыз термометрлерді сатып алуға көмектесті.
Следующая →
Материал размещен на правах рекламы