Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Бал қымыздан балмұздақ жасамақшы

Абай ауданында тұратын жас кәсіпкер бал қымыздан балмұздақ жасамақшы. Ұлттық тағамның ұпайын түгендейтін ұтымды бизнес екені анық

Жылқы баққан жұрт үшін жағымды жаңалық. Бабасынан қалған мұраны баласы балмұздаққа айналдырып, заман талабына сай тәтті тағамдардың қатарына қосам десе, неге қолдамасқа. Қолдап, қолпаштап отырғандар да бар екен. Қымыздан балмұздақ жасап, бизнес бастамақшы болған жалынды жас Айдын Серікқазин деген азамат. Абай ауданы, Қарауыл ауылының тумасы, Айдынның алға қойған мақсаты айқын. Жастар жылына орай "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздарға арнап жасақтаған "Жас кәсіпкер" жобасына қатысып, 500 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант иегері атанған. Енді осы қаражат арқылы бизнеске алғашқы қадам жасамақшы. Игілікті іс туралы идеяны қайдан алғанын сұраған едік.

- Бала кезімнен жылқыға құмар болып өскеннен кейін, бие сүтінен неге бір басқа жаңа өнім алмасқа деген ой келді. Жан-жақты ізденіп қарастырсам, қазақтың ұлттық сусыны шет елдерде, мысалы Қырғызстанда қымыздан жасалған балмұздақ брендке айналған екен. Менде мынандай бір ой туындады, "неге қазақтың ұлттық сусынынан жасалған өнімдер өзіміздің нарықта жоқ? Неге өзіміздің ұлттық сусынымызды әлемге танытпасқа?". Осы ойлардың жетегімен жаңа жобамды жаздым, - дейді жас кәсіпкер.

Бастаған ісі игілікке жарап жатса, болар баланың бетін қақпай, белін буары анық. Айдын Серікқазин жобаның іске асуы туралы ойлаған күдікті ойымыздың күмәнін сейілтті. Талапты жас жобасын тәжірибеден өткізіп, алғашқы балмұздағын жасап көріпті. Балмұздағына "Qaz Ice” деп ат қойыпты.

- Қазіргі таңда өзім құрамын ойлап тапқан балмұздағымның әзірге 2 түрі бар. Қымыздан жасалған және саумалдан жасалған. Қымыз балмұздағының бағасы 1 стаканы 300 тг болады. Ең әуелі отбасыма дәмін татқызып бағасын алдым. Осы жолы ұтып алған мемлекеттік гранттың қаражаты арқылы балмұздақ өндірісіне заманауи құрал-жабдықтар алып, қазан айынан бизнесімді түбегейлі бастасам ба деген ойым бар, - дейді Айдын Серікқазин.

Бұған дейін де бұл бизнес басқа елдерде бастау алғанын айта кетейік. Алғашқы қымыз балмұздақ 2010 жылы Германияда жасалыпты. Оны немістің қымыз өндірушісі, экономика ғылымының кандидаты, PhD докторы (жылқы өсіру саласы бойынша) Ганс Цольман дайындаған. 2011 жылы Алматыдағы "Гастроэнтерология - 2011" халықаралық конгресіне келген Цольман балмұздақ туралы барша жұртқа
баяндайды. Ол алғашында балмұздақты емдік мақсатта шығарыпты. Яғни, қымыз балмұздағы адамның ауыз қуысы микрофлорасына жағымды әсер беріп, экземаны емдейтінін дәлелдеген. Бұл жобаны 2013 жылы қарағандылық кәсіпкер Елтай Текесов те қолға алыпты. Алайда ол кезде елімізде бұл өнімге сұраныс аз болған. Сөйтіп, балмұздақты жапон нарығына шығарған. Балмұздақты дайындауда жапон технологиясын пайдаланған.

Ал америкалық кондитер Дэвид Кэмпбеллдің де қымыздан балмұздақ жасағаны жұртқа мәлім. Кондитер жаңа өнімін "The Good Life" аспаздық фестивалі үшін арнайы дайындапты. Кейіннен көпшілік қауымның күнделікті тұтынар асына айналдырған.

Қазақ елі де қалыс қалмаған. Қазіргі таңда қазақ елі бойынша қымыз дәмді балмұздақтар Шымкентте шығарылады. Алдағы уақытты шығыстан да шыға
бастаса, бұл бизнестің абыройы артары анық. Сан түрлі аурудың алдын алатын қымыздан балмұздақ жасап, баламызға берер болсақ, жаңғырғанымыз бен жаңарғанымыздың белгісі сол болар. Тек жас кәсіпкердің жобасы жол ортада қалмаса болғаны.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы