Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Америкаға есік ашылды: Freedom Holding Corp. Nasdaq-қа шықты

"Фридом Финанс" АҚ құрамына кіретін Freedom Holding Corp 2019 жылдың қазанында NASDAQ жетекші американдық биржа ТМД-дағы бірінші листингті брокер атанды

Холдинг сегіз елде бар – Қазақстан, Ресей, АҚШ, Германия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және Кипр. Жеке капиталы 134 млн долларды құрайды, кленттер есебі 127 мыңнан асады.

Nasdaq (National Association of Securities Dealers Automated Quotation) – 1971 жылдан бері қызмет ететін американдық биржа. Ол жоғары технологиялы акцияларды сатуға мамандандырылған. Қазіргі уақытта NASDAQ-та 4000-ға жуық компания листингіленген. Биржада ы сауда көлемі қомақты, күніне 1,8 млрд келісім жасалады.

Осы орайда Қазақстандағы ірі брокерлік компания "Фридом Финанс" АҚ-ның ШҚО (Өскемен мен Семей) бойынша филиалының директоры Сұлтан Өтелбаевпен сұхбаттасқан едік.

? Сұлтан Серікұлы, қор биржасының артықшылығы жайлы айта кетсеңіз...

- Өзіңізді кез келген бизнесменнің орнына қойып көріңіз, - деп кеңес береті Сұлтан. - Табыс көру үшін кәсіпкер өз өнімінің бағасына инфляция пайыздарын салады. Қазір оның деңгейі 5,5%. Сәйкесінше, инфляцияны басып озып, бұл бизнестің кірісі де сенімді болады. Қазақстандықтар ақшасын сақтап үйренген банк депозиттері жылына теңгемен 11% белгіленген нмөлшерде кіріс кіргізуі мүмкін. Ал қор нарығында қазақстандық компаниялардың құнды қағаздарының бағасы еселеп өсіп, ал шетелдіктер – он есеге ұлғайғанын айта аламын.

Мәселен, "KEGOC" АҚ дамуын алайық. Сұлтан Өтелбаевтың айтуынша, 2014 жылы осы компания "Халықтық IPO" бағдарламасы аясында биржаға шыққанда акциясы 505 теңгеден сатылған. Ол кезде адамдар неге дәл осы компанияға инфестиция құю керектігін білмеген.

- Бағдарлама жүзеге асырылған уақытта біздің компания ашылған. Біз халықты құлақтандыру үшін үлкен жұмыстар атқардық, тегін семинарлар өткіздік. Бірнеше жыл өткеннен кейін оларға компанияның қалай дамып жатқанын көрсеттік. Компания алғашқы кезеңде тартқан қаржы электр жүйелерін қайта құрылымдауға, негізгі қарызды өтеуге жұмсалды. Қолында акциясы барлар соңында құн айырмашылығын көргенде таңғалды. Бес жыл ішінде олар ештеңе істемей-ақ өз кірістерін үш есеге ұлғайтып алды. "KEGOC" акциялары 290% артты.

Ал жаңа мысалдардың бірі – "Қазатомпром" АҚ IPO. Алып компания бір жыл ішінде өз акцияларының кірісін 25%-ға арттырды. Тіркелу кезінде біздің компания жалпы сомасы 7,6 млрд-қа 2000 өтінім берген.

? Сұлтан Серікұлы, мына терминдер: қор нарығы, IPO, облигация, брокер – біз, қазақстандықтар үшін әзірге ұғынықсыз. Мен орта статистикалық қазақстандық ретінде құнды қағаз алып, өз кірісімді ұлғайта аламын ба?

- Мен өзімнің бір клиентімді мақтан тұтамын, - деп өмірлік мысалымен бөлісті директор. - Ол студент еді, біз танысқанда небары 19 жаста болатын. Ата-анасы оған өз қажеттіліктеріне жұмсау үшін 250 мың теңге берген. Бірақ ол оны жұмсамай, бар қаржыны пайдаға жұмсағысы келді. Сөйтіп, біздің филиалға жүгінді. Біз оған инвестициялық портфель құруға көмектестік, негізінен "Халық банкі" АҚ акцияларынан. Ол кезде бұл өте қызық ұсыныс болатын. Оны барлығына ұсынатынбыз. Өйткені сол уақытта елдегі екі рі институт "Халық банкі" АҚ мен "Казкоммерцбанк" АҚ біріктірілгейі жатқан. "Халық банкі" АҚ акцияларының 1 данасы – 47 теңге болған. Ал екі мекеме қосылғанда, акция құны 103 теңгеге өсті. Жас жігіттің капиталы бір жылдан аз уақытта екі есеге ұлғайды. Тіпті, оның ата-анасы да қызығушылық танытып, бізге келді.

Сұлтан Өтелбаевтың пікірінше, қазақстандық құнды қағаздар нарығы тұрақтылығы, ашықтығымен қызықты және отандық компаниялар қызметінің нәтижесін ашық көруге болады. Ал акция құны демократиялы және қолжетімді. Ол тіптіп азғандай бастапқы капиталмен де жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы – Қазақстан Республикасының қор нарығындағы кірістерге салық салынбайды.

? Сенімді брокерді қалай табуға болады?

- Жоғарыда атап өткенімдей – компанияның сенімділігі, оның беделі мен қаржылық көрсеткіштері маңызды. Брокер таңдарда осыларға мән беру керек. Мәселен, біздің компания 2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша нарықтық үлесі 34,3% болатын Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арасында 1-орында тұр. Ал ағымдағы жылдың шілдесінде S&P Global Ratings халықаралық рейтинигтік агенттігі "Фридом Финансқа" "В-/В" деңгейіндегі рейтінгті берді, болжам қалыпты. Оған дейін тек бір қазақстандық брокерлік компания ғана халықаралық рейтингке ие еді.

? Осы салаға енді келген адам қандай алғашқы қадам жасауы керек?

- Қор нарығында инвестиция құю үшін көп күш жұмсаудың қажеті шамалы. "Фридом Финанс" компаниясының кеңсесіне келу қажет. Ары қарай инвестициялық кеңесші сіздің жеке бас куәлігіңіз негізінде сіздің атыңыздан ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымы – Орталық депозитариден есепшот ашады. Кейін кез келген екінші деңгейлі банк арқылы өзінің брокерлік есебін толтыра алады. Біздің кеңесшілер диверсифицияланған портфель қалыптастыруға көмектеседі. Бұл бейтарап немесе оң баланс ұстап тұруға көмектеседі. Біз сатып алу кезінде ірі сенімді компанияларды қарастыруға кеңес береміз.

Ақша аударғаннан кейін шешім қабылдап, таңдалған құнды қағаздарды сатып алыңыз. Тіпті, бір ғана акцияны да сатып алуға болады – қазақстандық нарықта инвестиция сомасына шектеу жоқ.

Сізге tradernet.kz сауда платформасына тегін кіру мүмкіндігі ұсынылады. Барлық операциялар электронды түрде өтеді. Ары қарай ақшаны өзіңіздің кез келген банктегі есепшотыңызға аудару арқылы ала аласыз.

?Сатып алу үшін қағаздарды қалай дұрыс таңдау керек?

- Алдымен шын мәнінде сізге не керегін анықтап алу керек, - дейді Сұлтан Өтелбаев. - Егер тұрақты түрде табыс тапқыңыз келсе, ақшаны облигацияға салу керек. Қарапайым тілмен айтқанда, қор нарығы арқылы сіз өз қаржыңызды компанияға қарызға бере аласыз, ал олар сізге белгілі бір мөлшерде пайыз төлеп тұруға міндеттеледі. Қазақстанда ресми кірісі 6 жылда валютамен 3,07% құрайтын мемлекеттік облигациялар бар. Банктік депозит валютамен 1% береді.

Егер сіз тәуекелшіл болсаңыз, өз портфеліңізге ірі әрі сенімді компаниялардың акцияларын қоса аласыз.

Мәселен, түрлі кәсіпорындардың құнды қағаздарын сатып алып, оны экономика секторларына бөле аласыз. Мысалы, "Қазақтелеком" АҚ – бұл телекоммуникациялар, "Қазатомпром" ҰАК" АҚ – уран өндіруші, " Қазақстанның ұлттық банкі" АҚ – қаржылық сектор. Сіздің капиталыңызды ұлғайтуға "Фридом Финанс" АҚ тәжірибелі және кәсіби мамандары көмектеседі.

? Ұжымыңыз туралы айта кетсеңіз...

- Мен біздің филиал ұжымымен мақтанамын, - дейді директор. - Әр қызметкер – бейжай қалмайтын, өз жұмысын жақсы көретін әрі жақсы білетін, өзі ұтымды сауда жүргізіп жүрген трейдер. Менің әріптестерімнің әрқайсысы өз капиталдарын сәтті қалыптастырып алған жандар. Өзің жақсы сауда жүргізе алмасаң, клиенттің сауатын да ашу қиын. Біз үнемі өзіміз үйреніп, барлық семинарлар мен курстарға қатысамыз және өзгелерге де үйретеміз. Брокер үшін табыс пайызынан өзге, өзінің болжамдарының ақталғаны маңызды. Өзінің ойы дәл келіп, құйған ақшасынан айырылып қалмай, оны бірнеше есеге көбейтіп алғаны маңызды.

?Компанияның ерекшелігі қандай?

- "Фридом Финанс" компаниясы биржада сауда-саттықпен ғана айналыспайды, халықтың инвестиция құю мәдениетін де көтеріп келеді. Қор нарығына жақсы бейімделу үшін компания клиенттері оқудан өтеді. Қызметін енді бастап жүрген инвесторларды "Қаржыландыру өнері" тегін семинарынан өтуге шақырамын. Өскеменде ол ай сайын ұйымдастырылып отырады. Семинар өтетін күнді компания сайтынан да, филиалдың жұмыс нөмірлеріне хабарласып та білуге болады. Семинарда қор нарығы негіздерін үйренесіз, қаржыландырудың артықшылықтары мен мүмкін қатерлер жайлы ақпарат аласыз. Ары қарай қалауыңызға қарай "Биржа ісі негіздері" бойынша ақылы курстардан өте аласыз. Онда қатысушылар құралдар мен стратегияны, ҚР және шетел биржасындағы сауда нюанстарын, сәтті трейдинг құпияларын меңгересіз.

Өз кірістеріңізді сауатты басқарып, өзіңізді инвестицияландыра отырып, сапалы өмір деңгейін қалыптастыра аласыз. Өз біліміңіз бен қабілетіңізге қаржы құя отырып, қаржылық сауатыңызды ашып, тәуелсіз бола аласыз.


"Фридом Финанс" компаниясы мын мекенжайда орналасқан:

Өскемен қ., Максим Горький, 50.

Компания сайты: ffin.kz.

Facebook-тегі парақшасы: ffin.kz.

Instagram-дағы парақшасы: freedom.finance_kz.

Электронды поштасы: info@ffin.kz.

Телефон: +7 (7232) 56-96-03.


Следующая →
Материал размещен на правах рекламы