Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Компания жаңалықтары Компания жаңалықтары
Ақпарат көзі:
Устинка

Алтай суреттері сөйлейді

Өскемен қаласында Шығыс "Фотоөнер" қоғамының бастамасымен "Киелі Алтай" фотокөрмесі өтті

Шара "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының "Қазақстанның киелі жерлері" бағыты бойынша ұйымдастырылған. "Шығыс-Ақпарат" медиахолдингі, "Фотоөнер" қоғамдық бірлестігі және Берел қорық-мұражайы мұрындық болған фотоблог турға қатысушылар Алтайдың көркем табиғатын суретке түсірді.

Көрменің ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, қала әкімінің орынбасары Серік Жеңісұлы, "Шығыс Ақпарат" медиахолдингінің басқарма төрағасы Нұрбек Бекен қатысты. Құттықтау сөз ардагер журналист, филология ғылымының кандидаты Айтмұхамбет Қасымға берілді.

- Адамның қолынан барлық іс келеді, тек адамдар уақытты бір орында ұстап қала алмайды. Ал кәсіби фотографтар әсерлі бейнелер мен табиғат сұлулығын қалт жібермей, өнер туындысына айналдырады. Мен осы жарқын сәтті естелікке айналдырған фотографтың да уақытты бір орында ұстап қалар құдыреті бар деп есептеймін. Қазір Алтай өңірінің сұлулығын бейнелеген ел ішінің әр аймағынан жиналған мамандардың туындыларымен таныс боласыздар. Менің қуанатыным жастардың да фотоөнерге қызығушылығы артып келеді. Өткен жазда облыстық "Дидар" газетінің журналистері Тілеубек Шаяхметов пен Мерей Қайнарұлы ағаларының ізімен ШҚМУ "Журналистика" мамандығының III курс студенті Елназ Әбенғазиева бүгін алғашқы көрмесіне қатысып отыр, - деді Айтмұхамбет Қасымұлы.

Фотокөрмеге еліміздің түпкір-түпкірінен келген Асылхан Әбдірайымұлы (Алматы), Досжан Балабекұлы (Алматы), Мейірбек Тажкуранов (Орал), Бекбол Нұрадинов (Алматы, Ақтөбе), Салауат Жәнібекұлы (Маңғыстау), Сұлтан Сейтов (Нұр-Сұлтан), Мұхаммедәлі Шері (Түркістан), Мерей Қайнарұлы (Өскемен), Тілеубек Шаяхметов (Өскемен), Аяужан Утеулинова (Өскемен), Бүлдірген Нұрлан (Өскемен), Елназ Әбенғазиеваның (Өскемен) туындылары қойылды.

Алтай тауының көркем жерлері, қарапайым ауыл тіршілігі, тарихи құнды жәдігерлері қайталанбас өнер туындысына айналған. Фотографтар ескі аустрия жолымен Алтай тауының биігіне көтеріліп, ашық аспан астындағы Берел қорық-мұражайын аралап, Мұзтау бөктеріндегі Қаракөлге дейін барған. Адам жанының айшықты бейнесіндей Мұзтау сұлбасы суреттерде алыстан мұнартады. Ауылдың аңғал балалары мен ұршық иірген әжелер образы да көрмеге өзгеше рең беріп тұрғандай әсер етеді.

Следующая →
Материал размещен на правах рекламы