Қазақстанда қаптаманы кәдеге жарату алымы енгізіледі
Қазақстанның Экология министрлігі жақын уақытта республикада қаптамаларға утильдік жиын енгізбек
Сәйкес нормативтік-құқықтық актілер дайын және мемлекеттік органдармен келісілуі керек, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА сайты.
Келісілгеннен кейін құжат Әділет министрлігінде тіркеледі.
- Қоғамдық талқылаулар аяқталды. Біздің үрдістерді ескере отырып, осы немесе келесі айда күшіне енеді, - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін жүзеге асыру басқармасының басшысы Жасұлан Нұрғалиев.
Оның атап өтуінше, аталған нормативтік-құқықтық акті жария түрде талқыланған. Енді тек мемлекеттік органдармен, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу ғана қалып отыр. Одан кейін Әділет министрлігі рәсімдеуі тиіс. Сонымен қатар ол қаптаманы кәдеге жарату алымының да ставкасы қанша болатындығын айтып берді.
- Болжалды мәліметтерге сәйкес, әр бөтелкеге 0,5 теңге немесе 10 тиын болады. Ең үлкен ставка 1,5 теңге мөлшерінде шыны бөтелкелерге белгіленіп отыр. Оның өзі де салмағына байланысты. Қаптаманы кәдеге жарату алымын өндірушілер мен импорттаушылар төлейді. Біз мұны 2018 жылы енгізуді жоспарлаған едік. 2017 жылдан жұмыстарды қолға алдық. Бұл мәселені тыңғылықты қарастырдық, - деді Экология министрлігінің өкілі.