Гүлжан Рақымбаева: "Қазпошта" ауылда да, қалада да бір стандарт бойынша жұмыс жасайды
Шығыс Қазақстанда "Қазпоштаның" 328 бөлімшесі жұмыс жасайды, ал былтырдан бастап пошта бөлімшелерінің жұмысы да өзгерген
"Қазпошта" бөлімшелерінің қалай дамып жатқанын "Қазпошта" АҚ ШҚОФ директоры Гүлжан Рақымбаева айтып берді
Бөлімшелер жайында
- Біз биыл сағат түнгі онға дейін жұмыс жасайтын байланыс бөлімін ашқанымызға мақтанамыз. Одан бөлек, алты валюта ауыстыру пунктін, 23 банкомат пен 11 төлем қабылдау терминалын аштық. Релокация жобасы аясында Өскемен қаласында "Өскемен-1" темір жол вокзалына қарама-қарсы ғимараттан жаңа бөлімше ұйымдастырдық, - дейді Гүлжан Рақымбаева.
Қазпоштаның шығысқазақстандық филиалы кассалық есептеу саласында жасаған қызметтері өсім көрсеткішін көрсетіп отыр. Серіктес банктер арасында несие рәсімдеу бойынша елде үшінші орынға жайғасып отыр. Шығыс өңірінде "Қазпоштаның" несие беруге арналған 90 қызмет орны бар, оның кейбірі ауылды жерлерде орналасқан.
Одан бөлек, облыста "Сәлем теңге" қызметі танымал болып отыр. Бұл қызмет арқылы Қазақстанның кез келген өңіріне жылдам қаржы аударуға болады әрі оған алынатын комиссия өте арзан.
Қызметі туралы
- Биылдан бастап біздің клиент компанияларымыз хатты гибридті электронды пошта арқылы жолдау қызметін көп қолдана бастады. Яғни, бұрын клиенттер жолдағысы келген хаттың өздері бөлімшеге әкеліп беретін болған болса, қазір бізге электронды түрде жолдайды да, біздің қызметкерлер оны басып шығарып қаптап мекенжайға дейін жеткізетін болды, - дейді аймақтық директор.
Қазпошта қазір агент қызметін дамытуда.
- Мәселен, темір жол вокзалы жанында орналасқан пошта бөлімінде темір жол билеттері сатыла бастады. Тұрғындарға поштадан келіп билет алған өте ыңғайлы, өйткені вокзалдағыдай кезек жоқ, - дейді директор.